21.07.2026, 15:00
Оқылды: 17

Оралда «50 жаңа аула» акциясы: таза орта – ортақ жауапкершілік

 

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан «50 жаңа аула» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда. Игі бастама Орал қаласының бірнеше көпқабатты тұрғын үй ауласын қамтып, тұрғындардың белсенді қолдауына ие болды.

WhatsApp Image 2026-07-21 at 15.57.29

Акцияның басты мақсаты – аулаларды абаттандырып, санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында аула аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Сонымен қатар тұрғындардың демалысы мен күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Экологиялық бастамаға жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Бірлескен сенбілік барысында қатысушылар аулаларды ретке келтіріп, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «50 жаңа аула» акциясы – тұрғындарды тұрғын жә аумағының тазалығы мен көркеюіне бейжай қарамауға үндейтін маңызды жоба. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті нығайтып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен өзара ынтымақтастық құндылықтарын дәріптейді.

WhatsApp Image 2026-07-21 at 15.57.28

Жаңартылған аула аумақтары бүгінде тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. «Таза Қазақстан» аясындағы бұл бастама өңірде қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы маңызды жобалардың бірі ретінде жалғасып келеді.

Жастар ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале