4.01.2023, 14:34
Оқылды: 69

Оралда 85-ке жуық техника еріген қар суын шығаруда

Қалада соңғы екі күн бойы ауа райы құбылып тұр. Оралдықтар Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен қар түсіп бір жасап қалған еді. Онымен ол қар еріп, артынша қатып, көктайғақ болды.

F86F2BBF-8B8B-48D0-90E7-C72AEEF34E02

Көктайғақ салдарынан қалада 1-3 қаңтар күндері 30 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Жалпы осы күндері қалалық аурухананың жарақат бөліміне 98 адам түрлі дене жарақатымен келіп түскен.

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

FE6B6760-2443-4C5D-A24F-F4A4C74EBBE0

Ал кеше түннен бері жауған қар аралас жаңбыр көшені малмаңдай су етті. Кешкісін көктайғаққа шағым айтып ұйқыға жатқан оралдықтар, таңда жұмысқа «жүзіп» барды.

A16B30D9-F58D-428D-B9EA-8207C7C631AC

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жайық Таза қала» мекемесінің түнгі және күндізгі ауысымдағы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бүгінгі күнге дейін қаладан 11 мың текше метр қар, 854 куб. текше метр су шығарылған.

765632DF-BDBD-4D95-A470-D57251776384

Бұл туралы  «Жайық Таза қала» ЖШС-нің директоры Ринат Нұрғалиев мәлімдеді.

«Қалада су көп жиналатын қауіпті аймақтарға оңға бұрылатын бұрылыстар, Лермонтов, Дәулеткерей көшесі мен Екінші жұмысшы шағынауданы жатады», - дейді Ринат Нұрғалиев.

4C1C2A7F-9995-4B48-B8D9-15830AA27A01

Қазіргі уақытта көшені қардан тазалау, құм себу жұмыстарына 360 адам жұмылдырылған.

«Қалада еріген қар суы көп. Бірақ әзірге жер үйлерге су кеткені туралы ақпарат түскен жоқ. Біз күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз, үйлерді су басуға жол бермеуге тырысамыз», - деді «Жайық Таза қала» мекемесінің басшысы.

Жанат Көшкінбай,

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале