Бұл жайында Ақжайық телеарнасында жүргізіліп жатқан "Əкім сағаты" тікелей эфирінде Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов айтты.
Жаңа шағынаудан Орал-Саратов күрежолы бойында салынбақ. Биыл "Нұрлы жер" аумағында облыста 2005 пəтер құрылысы жүргізілуде. Соның 1500-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Облыс орталығындағы 200-ден астам үйдің 44-і апатты деп танылған.
"Қаланың Деповской көшесінде 9 қабатты үй пайдалануға берілді. Оған апатты үй иелері қоныстанды. Бұл бағытта қалада 9 қабатты үй бой көтеруде", - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz