8.09.2020, 9:16
Оқылды: 19

Оралда «Ашық жүрек» орталығы ашылды

Орал қаласында Еріктілер жылы аясында «Ашық жүрек» аймақтық жастардың волонтерлерді  үйлестіру орталығы ашылды.
ashyq zhurek1

Өңірдегі еріктілер орталығының ашылуына «Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Аталмыш орталық ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша «Ашық жүрек» жобасын іске асыру» гранты шеңберінде жұмыс істейді. Орталықтың ашылу салтанатына жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, мүдделі мемлекеттік құрылымдар мен оқу орындарының  өкілдері қатысты.

- Бүгінде облыс орталығында жүздің үстінде волонтерлік ұйым бар. Олардың қатарында екі мыңға жуық жас белсенді жұмыс істеп жүр. Туған жерінің дамуына белсенді атсалысатын жанашыр жастардың, азаматтардың басын біріктіретін жаңа ұйымның облыс орталығында ашылғанына қуаныштымыз. Көмекке мұқтаж азаматтарға қолұшын созып, бағыт-бағдар беріп, жалпы қоғамда жүрек жылуын сыйлап, мейірімділік танытатын азаматтарға қолдау білдіру  – игі іс. Ақжайық жастары Елбасы саясатының жүзеге асуына әрдайым атсалысып келеді. Мемлекет басшысы Жолдауында айтып өткендей, батысқазақстандық жастар елімізді дерт жайлаған ауыр   шақта белсенді жұмыс істеді. Ерікті жастар мен волонтерлер лигасы бірлесіп, халыққа пайдалы жұмыспен айналысады деп сенемін, - деді салтанатты шарада қала әкімі Абат Шыныбеков.

ashyq zhurek2

«Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қоры 2014 жылы Алматы қаласында. Қор алғашында қалалық ұйым ретінде түрлі жобаларға қатысып, тәжірибе жинаған. Енді аталмыш қордың жастары «Ашық жүрек» жобасы  шеңберінде елдегі 17 қалада өкілдіктерін ашып отыр.

- Қоғамдық қор «Ашық жүрек» жобасын 8 бағыт бойынша жүзеге  асырмақ. Яғни жастар өздеріне ұнаған бағытты басшылыққа алып, маңызы зор жоба дайындап, оны жүзеге асыру үшін грантқа қол жеткізе алады. Жалпы Қазақстан бойынша бөлінетін 107 гаранттың 98-іне 300 мың теңге, ал 10-на 500 мың теңге беріледі. Жобаның мақсаты – әрбір жасқа қолдау білдіру. Ал волонтерлер лигасы еріктелер қозғалысын дамытуды көздейді.  Себебі волонтерліктің өзі адамзатты өзара бірлік пен татулыққа, қамқорлық  жасауға үндейді, - деді қордың жұмысымен таныстырған «Қазақстан волонтерлері лигасы» ҚҚ-ның облыс бойынша аймақтық директоры Алтынбек Бисенов.

Шара барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрхат Ораш орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

 

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале