3.09.2020, 10:09
Оқылды: 64

Оралда "Әскерге шақырылушы" жедел алдын алу шарасы басталды

Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №491 санды "2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қаулысына сәйкес, Орал қаласы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Пизивник 1

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Отан қорғауға аттанатын жастар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.

Орал қаласы әкімінің азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында бекітілген жоспарына сәйкес, қыркүйек айының 2-3-і күндері тұрғылықты мекен жайлары өзгерген әскер жасындағы азаматтарды іздестіру бойынша Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастауымен Орал қаласының ішкі істер басқармасының бірігіп "Әскерге шақырылушы" жедел алдын алу шарасы жүргізіледі.

Жедел алдын алу шарасына 20 әскери қызметші және 20 учаскелік инспектор тартылды.

Шара барысында 20 бекітілген аймақ бойынша лауазымды тұлғалар әскер жасындағы азаматтарға шақыру қағаздарын үлестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV "Әскери қызмет әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының "Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері" атты 30-бабына сәйкес, шақыру қағазын алған азаматтар әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Әскери қызмет Отанымызды сүюге және туған жеріміздің тұтастығын сақтауға, оны қорғауға үйретерін естен шығармайық! - дейді Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық жұмыстар,  әскери патриоттық және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлерімен жұмыстар бөлімшесінің инспекторы Анар Қайсағалиева.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале