Бүгін Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде өзге ұлт өкілдерінің әскери қызметшілері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті.
-Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және мәртебесін көтеру, - дейді ұйымдастырушылар.
Байқау барысында қатысушылар өздерін қазақ тілінде таныстырып, қазақ тілінде ән шырқап, көріністер қойды.
Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Александр Ершов, екінші орынды Станислав Котенко,ал үшінші орынды Иван Ефремов иеленді.
Байқау жеңімпазы алдағы уақытта өтетін аймақтық жарысқа жолдама алды.
Айым Төлеуғалиева
zhaikpress.kz