27.02.2026, 10:45
Оқылды: 20

Оралда аяқ киім ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Орал қаласында полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталықтарының біріндегі бутиктен аяқ киім ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

930CF901-A0F9-4700-B843-ACFB88932A1E

Сурет: polisia.kz

Анықталғандай, күдікті өзін сатып алушы ретінде көрсетіп, сатушылар басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқан сәтті пайдаланып, аяқ киімді жасырын түрде ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ол – қала тұрғыны, 34 жастағы ер адам, бұған дейін ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда. Полиция ескертеді: ұрланған мүліктің құнына қарамастан, кез келген қылмыс заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Тіпті арзан тауарды ұрлау да қылмыстық жазаға алып келуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале