11.06.2024, 9:30
Оқылды: 31

Оралда биыл 121 шақырым жолды жөндеу жоспарланған

Қазір қаладағы бірнеше көшеде орташа жол жөндеу жүргізіліп жатыр. Кердері көшесі бойынша ұзындығы 1,8 шақырым, Тюленин көшесі бойынша 3,3 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Орал жолы

Жалпы биыл орташа жөндеу бойынша 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Сондай-ақ 10 реконструкциялау, төрт күрделі жөндеу, төрт ANT әдісімен ағымдағы жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаттамалар дайын.

Қала аумағында 20 көшеде ағымдағы жол жөндеу жүргізілсе, тағы 30-дан аса көшеде осындай жұмыс жоспарланған.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, су тасқынының салдарын жою жұмысына байланысты биыл жол жөндеуге қатысты кейбір жобалар жүзеге аспауы мүмкін.

Алайда қала әкімінің орынбасары жоспарланған жол жөндеу жұмысының толық орындалуы үшін барынша күш салынатынын жеткізді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале