Бүгін Оқушылар сарайында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және де Мәдени-ағарту бірлестігінің қолдауымен “Біздің таңдауымыз – құқықтық тәрбие” атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға «Отбасы» орталығының заңгер маманы Айнара Нұрбайқызы және педагогика және психология ғылымдарының магистрі Баян Қонарқызы қатысты.
Кездесу барысында Баян Қонарқызы ата-аналар мен оқушылар арасында ыңталандыру тренингін өткізіп, Art-терапия ұйымдастырды.
Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестер берілді.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress