Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік кеш өтті.

Бұл мерекелік концерт Астана қаласының 25 жылдығына арналып отыр. Кеш шымылдығы "Елімнің жүрегі - Астана" хореографиялық қойылымымен ашылды.
Мерекелік кеште батысқазақстандықтарды облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.
«Астана күнімен баршаңызды құттықтаймын. Астана - біздің мақтанышымыз. Астана - бәріміз үшін арман қала, бәріміз Астанаға қарап бой түзейміз. Еліміздің ертеңі үшін жұмылып еңбек ете берейік», - деді мерекелік кеште сөз алған Бақытжан Хаберұлы.

Мерекелік кеш бүлдіршіндердің әдемі биімен жалғасын тапты. Амфитеатрға жиналған халық концерт көркін қыздырып қосылып ән шырқап, билеп көңіл көтерді.







zhaikpress.kz