Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келді.
Министр IT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен бой көтерген «Jaiq Hub» IT-хабының ашылу салтанатына қатысты.
Өңірлік хаб аймақтағы инновациялық жобаларды әзірлеумен, IT-саладағы кадрларды оқыту және даярлаумен айналысады.
Сондай-ақ жергілікті IT-қауымдастықтарды – стартаптар, инвесторлар, тәлімгерлер қауымдастығын құрады. Оған барлық мүдделі тұлғалар қосыла алады.
«IT саласы – қазіргі әлемдегі ең әлеуетті және қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Біз өңірде «Astana Hub» ІТ-хабының білім беру бағдарламаларын көрсетуді, стартаптарға арналған инкубациялық бағдарламаны және IT-қоғамдастық үшін түрлі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. ІТ-хабын ашу өңірдің IT-секторын дамытудағы маңызды қадам болады деп білеміз. Жастарға өз армандарын жүзеге асыруға және осы салада табысқа жетуге көмектесетініне сеніміміз мол», - дейді «Astana Hub» өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусова.
Айта кетейік, «Astana Hub» биыл ел бойынша 17 өңірлік IT-хаб ашу мақсатын алға қойған.
Бүгінгі таңда хабтар еліміздің Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Семей қалаларында жұмыс істейді.
zhaikpress.kz