12.07.2023, 17:15
Оқылды: 183

Оралда «Jaiq Hub» ІТ-хабы ашылды

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келді.

4A64C7C5-5ACA-4256-9B5B-12ABA5DC6495

Министр IT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен бой көтерген «Jaiq Hub» IT-хабының ашылу салтанатына қатысты.

Өңірлік хаб аймақ­тағы инновациялық жобаларды әзірлеумен, IT-сала­дағы кадрларды оқыту және даярлаумен айналысады.

25D4B08E-CBBC-4D25-A759-A52125DE6140

Сон­дай-ақ жергілік­ті IT-қауым­дастықтарды – стар­таптар, ин­вес­торлар, тәлімгерлер қауым­дастығын құрады. Оған барлық мүд­делі тұлғалар қосы­ла алады.

«IT саласы – қазіргі әлемдегі ең әле­уетті және қарқынды да­мып келе жатқан саланың бірі. Біз өңірде «Astana Hub» ІТ-хабының білім беру бағдарламаларын көрсетуді, стартаптарға арналған инкубациялық бағдарламаны және IT-қоғамдастық үшін түрлі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. ІТ-хабын ашу өңірдің IT-секторын дамытудағы маңызды қадам болады деп білеміз. Жастарға өз армандарын жүзеге асыруға және осы салада табысқа жетуге көмектесетініне сеніміміз мол», - дейді «Astana Hub» өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусова.

F892873B-91CA-404A-9F68-75C154C227F4

Айта кетейік, «Astana Hub» биыл ел бойынша 17 өңірлік IT-хаб ашу мақсатын алға қойған.

Бүгінгі таңда хабтар еліміздің Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Семей қалаларында жұмыс істейді.

A07567DB-FC9A-4570-BED6-02909291F7BD

54A4AAB4-3FD6-49A0-AF08-26D3EEF3254B
8DAB5D13-E563-4F5A-92EF-6C691774E417

9CF839CE-6830-426F-86D0-C30561801BD1

DEF7427A-3E41-4315-AA9A-055C353A5E63
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале