Оралда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Алдымен тротуар, қоғамдық көлік аялдамалары, жалпы пайдалану орындары қардан тазаланды. Сонымен қатар магистралды, негізгі көшелерде тиісті жұмыс жүргізілді. Қар түскеннен бастап жолдар көктайғаққа қарсы инертті материалмен өңделуде.
Жалпы қар тазалау жұмысына 100 арнайы техника мен 360 жұмысшыдан құралған 30 бригада жұмылдырылған. Коммуналдық мекеме жұмыс күндері бригадалардың санын арттырады.
Соңғы тәулікте қаладан арнайы полигондарға 540 текше метр, қар шығарылды. Ал қыс маусымы басталғалы 5196 текше метр қар шығарылған.
Орал қаласы әкімдігінің
баспасөз қызметі