1.09.2020, 10:53
Оқылды: 43

Оралда «Қазақ махаббатының адал үлгісі» онлайн байқауы өтті

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. «Қыз Жібек» фильмі – қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған және кинофильм Жібек пен Төлегеннің сезімін ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсетуге ұмтылған фильм екендігімен дараланады. 

Қыз Жібек 1

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыз Жібек» кинофильмінің экранға шыққанына 50 жыл толуына орай жастар арасында «Қазақ махаббатының адал үлгісі» атты онлайн байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты жастар бойында ұлттық тәрбие құн­дылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, бүгінгі қыздар мен жігіттер­дің шығармашылық және жоғары зият­кер­лік әлеуетін дамыту, сондай-ақ табиғи сұлулықты насихаттау, қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету және қазіргі қазақ қыздарының бойындағы тектілікті, парасаттылықты, нәзіктікті дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды жаңғыртып, дарынды жан-жақты дамыған ер жігіттің мерейін асыру мен ата салтын насихаттай отырып, қазіргі нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

Байқауға Сырым, Жәнібек аудандарымен қатар Орал қаласынан үміткерлер қатысты.

Қыз Жібек 2

Байқау жүлдегерлері әлеуметтік желілер арқылы көреремендердің әрбір үміткерге пікірлер жазуы, лүпілдер басуы мен қаралым саны бойынша анықталып, Бас жүлде Гагарин атындағы балалар кинотеатрынан қатысқан Құралбек Катшаев пен Нұржиян Хасановаға (Орал қаласы) берілді.

Ад жүлделі І орынды Сәндібек Өтеғалиев пен Нұрбаева Гүлден Серікқызы (Сырым ауданы), ІІ орынды Райымбек Самигуллин мен Назерке Жақсылық  (“Арай” комьюнити орталығы, Орал қаласы), ІІІ орынды Ақжан Орынбасарова (“Бәйтерек” балалар аула клубы, Орал қаласы) иеленді.

Сонымен қатар ең үздік пікір Жәнібек ауданының қатысушыларына пікір білдірген әлеуметтік қолданушы «timakatashev» болып танылды.

Байқау бірлестіктің «madeni_agarty_birlestigi» инстаграм парақшасынан көрсетілді.

Байқау қорытындысында Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Тоқмамбетов сөз сөйлеп, барлық қатысушы жастарға алғысын білдірді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале