19.10.2024, 12:00
Оқылды: 10

Оралда «Қазақша QUIZ» зияткерлік ойыны өтті

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Қазақша QUIZ» облыстық зияткерлік сайысы өтті.

c5b644b6-268c-416e-bb03-f6993ab4e96a

Оған облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымынан «Жайық», Шыңғырлау ауданының мәдениет саласы қызметкерлерінен құралған «Аққұм», Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы ұжымынан «Қадырсарай», облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымынан құралған «Найзағай» сынды командалар және «BILIM» оқыту орталығының «BILIM» командасы қатысып, бақ сынады.

3596afd6-d7bd-4fe2-8714-8885c9e9b2ae

Байқаудың негізгі мақсатымемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Байқау «сұрақ-жауап», «таныс әуен», «⁠кино», «суреттер сөйлейді», «көзқарас», «⁠тілім – тынысым», «бәс» деп аталатын жеті бөлімнен тұрды.

0fca6892-c325-4df8-ad01-be3ab1940469

Нәтижесінде Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы ұжымының «Қадырсарай» және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымының «Найзағай» командалары ұпай саны бойынша тең түсіп, келесі финалдық бәсекеге жолдама алды.

Ойын соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалған командаларға алғысхаттар табысталды, естелік және кәдесыйлықтар берілді.

7bda5b7b-c343-4ea3-b508-400ce8299fcc

da4f4c18-73ba-4062-aae6-b507e7d808dc

d86f45cb-69e7-474c-adc1-505abaf285c3

bc639799-f945-4846-8610-69a159f8bcbb

17ff32ca-9288-4299-8c5f-34ff31b0f9aa

a3a19f4a-145d-4fa4-b68b-ba08ccd509b9

5efdb0e6-12a5-4b93-963f-e0396117c640

8c3fd55f-c3b0-4c42-849c-7bdc4b743dcc

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале