14.04.2020, 11:57
Оқылды: 80

Оралда көктемгі-далалық жұмыстар қарқыны ойдағыдай

 Биылғы маусымда Орал қаласында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 7250 гектар аумаққа дәнді дақылдар егіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов айтты.

F01B9FDC-509A-4CCC-813C-AF6C03DA5DD0

- Орал қаласында көктемгі-далалық жұмыстар басталды. Оған 25 шаруа қожалығы қатысуда. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 7250 гектар жерге дәнді дақылдар, оның ішінде  жаздық бидай 4000 гектар, арпа 2800 гектар, тары 250 гектар, сұлы 100 гектар, ноқат 55 гектар, сонымен қатар 500 гектар майлы дақылдар, 300 гектар мал азықтық дақылдар, 2245 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ былтыр 2020 жылдың өніміне 1411 гектар күздік дақылдар, оның ішінде 911 гектар күзгі бидай, 500 гектар күздік қара бидай себілген болатын. Күні бүгінге 5200 гектар аумаққа жер жырту жұмыстары атқарылды. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі-далалық жұмыстарға 500 тонна жанар-жағармай бөлініп, «БатысАрна» мекемесі оператор болып бекітілді, - деді Б.Тоғжанов

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале