2.03.2023, 11:30
Оқылды: 9

Оралда көпшілік қар шығару акциясы өтеді

4 наурыз күні Орал қаласы аумағында көпшілік қар шығару акциясы өтеді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

F77F1E0C-0485-4FEC-B570-4A72AFF3A669

Акцияның мақсаты –  көктемгі су басу қаупінің алдын алу, абаттандыру жұмыстарына дайындық жүргізу.

«Аталмыш акцияға қала тұрғындарын, мекеме, кәсіпорын және бизнес нысандарын белсене қатысуға шақырамыз.

Жеке тұрғын үй секторындағы аулаларыңыздан тазаланған қарды жол жиегіне шығарып қоюларыңыз сұралады. Әрі қарай шығарылған қарды коммуналдық мекеме техникалармен алып кететін болады.

Ал кәсіпкерлік нысандары «БҚО қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына» сәйкес, өз іргелес аумағын (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) қардан және мұздан тазартуы тиіс. Жиналған қарды өз күштерімен арнайы полигондарға (Балауса ш/а, Телецентр, Асан ауылы маңы) шығару сұралады. Сонымен қатар тиісінше жұмысты көпқабатты тұрғын үйді басқарушы органдар (ПИК, МИБ, ЖС) тұрғындармен бірлесе атқаруы қажет.

Қала тазалығына бірге үлес қосайық, қар шығару акциясынан қалыс қалмайық!», деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале