29.09.2023, 10:00
Оқылды: 2

Оралда күзгі санитарлық-экологиялық айлық басталады

Биыл 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық өтеді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала ЖП

«Алғашқы жалпықалалық сенбілік 30 қыркүйек күні ұйымдастырылады. Санитарлық-экологиялық айлық барысында қала аумағын жаппай тазалау, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Әр бизнес нысандары, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы ұйымдары (ПИК, МИБ және ЖС) мен жеке үйлердің тұрғындары өздеріне тиесілі аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Қала тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысып, ортақ мекеніміз – Оралды бірге гүлдендіруге шақырамыз!», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале