30.10.2021, 11:53
Оқылды: 127

Оралда облыстық жас күйшілер байқауы өтті

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атамекен өнер ордасында еліміздегі күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Күй - тектілік тереңі» атты облыстық жас күйшілер байқауы өтті.

424BC6A9-AD84-4C24-B44F-0C84E969ABCA

Сонымен қатар байқау барысында жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы ұлтық қолөнер түрлерінен көрме ұйымдастырылып, таныстырылды.

Облыстық жас күйшілер байқауы 2 кезеңді құрап, ақтық кезеңде алғашқы іріктеу кезеңінен өткен ең үздік деген жас күйшілер сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздары 14-18 және 19-29 жас аралығындағы жастардың өнер көрсетулері бойынша анықталды.

CA47F445-73BA-4075-948D-A76FB0F85FCB

Нәтижесінде 14-18 жас аралығы бойынша жүлделі III орынды Кибашова Айзада, II орынды Қайыржанов Эрнест, I орынды Кузанбаев Наурызбек иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдары Нариманова Жұлдыз бен Қадырғалиева Мадинаға бұйырды. Ал 19-29 жас аралығы бойынша III орынды Темирлан Сыралиев, II орынды Егінғали Қыдырнияз, I орынды Байқұтты Қайрат иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдарын Рамазан Бекзат пен Умбетова Нұрай қанжығасына байлады.

D2D2100A-952C-4CB4-9B6B-80D3C1BDEF30

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар, естелік  сыйлықтар және қаржылай сертификаттар табысталды.

3942282D-4662-4912-B628-DF4F004ADE24

B14D3231-8103-43C6-AFA6-6BFEEDE8E2DD
DA6B1DB6-4F07-4884-A867-A84BC5820DC5

0D38F800-959E-4DBD-8FDF-EF2B0A6CA7B3
E61B7194-8A8F-41F3-92BB-CF84CA8AFCE7
ECF97F79-725C-48EE-8E73-AB5C69F1E29B
8483F222-464F-4C5C-BD0F-98D23BBA1247
«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале