13.12.2023, 14:30
Оқылды: 148

Оралда «Ордадағы ойран: қазақ депортациясы» деректі фильмінің көрсетілімі өтті

Бүгін Оралда тарихшы-ғалым Бақтылы Боранбаеваның «Капустин Яр» әскери полигоны: қазақ депортациясы» атты кітабының желісі негізінде түсірілген «Ордадағы ойран: қазақ депортациясы» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

8424378A-265F-4273-80B8-84FADFD1A170

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Ғылыми зерттеулерді қолдау» жеке қорының ұйымдастыруымен өткен көрсетілім Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрында болды.

Деректі фильмді түсіру барысында кейіпкерлер, редакция алқасы, жалпы барлығы 28 адам жұмыстанған.

54407B00-8AA7-4D23-B528-11E30E63B8E2

Аталған туынды өткен ғасырда болған Орал облысы Орда ауданының жерін «Капустин Яр» сынақ аймағына айналдыру кезіндегі халықты туған жерінен күшпен көшіру, полигонның қасіреті мен қиындықтары жөнінде баяндалады.

– Фильмде КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылы 13 мамыр күні төрт облыстың, атап айтқанда, Астрахан, Волгоград, Атырау және БҚО-ның территориясында Орталық мемлекеттік «Капустин Яр» сынақ полигонын құру жөніндегі шешімі қабылданып, 1951 жылы 21 желтоқсанда Орал облысы Орда ауданының жерін «Капустин Яр» сынақ аймағына беру жөніндегі Жарлығына байланысты 1952 жылы 31 қаңтарда өз атамекенінен күшпен көшірілгендердің естеліктері, аталған полигонның экологиялық қасіреті туралы айтылады. Ұрпаққа тарихтың әр сәтін, шындықты баяндау, мұра қалдыру басты міндет. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қиындық көрген жұртымыздың бастан кешкендері, қиын жолдары бәрі де тұнған тарих, - деді фильмнің ашылуында сөз алған «Нарын қасіреті» қоғамдық қорының жетекшісі Қайролла Сабиров.

FD371594-5DCA-4CA7-B978-81A19C530613

Айта кетейік, фильм тарихшы-ғалым Бақтылы Боранбаеваның «Капустин Яр» әскери полигоны: қазақ депортациясы» кітабының желісі бойынша түсірілді. Аталған деректі фильмге Гүлмира Тілеубаева редакторлық етті.

Туынды «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының қатысуымен түсірілді.

919572E5-988E-418F-9971-34231B871386

649FE8A9-638E-4846-892E-08663747AE30

FCD9AEB1-5751-4440-8834-D62A7B0C3CBF
03D02EB7-0598-4657-A0F1-5662843AE4A4

3FBF3F31-3764-4BCA-8292-6C6CC74C279D
Гүлмира Сарсенғали

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале