БҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлауынша, Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азат Бақытжанов пен Мержан Тілекқабылов Сарайшық көшесімен өтіп бара жатып Volkswagen Passat автокөлігінен шыққан тарсылды естиді. Алайда ойында ештеңе жоқ жүргізуші көліктің ішінде еш сезбестен отыра береді. Кейін полиция қызметкерлері жүргізушіге келіп ескертеді. Осы уақытта түтін басталып, көлік капотының астында өрт шығады.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің және жүргізушіге уақтылы ескертуі нәтижесінде ауыр зардаптың алды алынды. Олар өрт сөндірушілер келгенге дейін өз күштерімен өртті сөндіре алды.
Жүргізуші өз кезегінде полицейлерге қырағылық пен көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.