16.10.2023, 9:00
Оқылды: 53

Оралда спортшы ардагерлер арасында спартакиада өтті

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі “Мейірбандық айына” орай “Үлкен кісі - шежіре” атты ардагерлер спартакиадасын ұйымдастырды.

IMG-20231016-WA0028

55 жастан асқан спортшылар арасында өткен жарысқа 10 команда қатысты. Олар волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, асық ату, бес асық және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.

IMG-20231016-WA0031

- Мақсатымыз спорт ардагерлерінің басын қосып, алдынғы буын аға-апаларымыздың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Үздік спортшыларды анықтап, облыстық ардагерлер спартакиадасында қала намысын қорғайтын команда жасақтау. Алдағы уақытта мұндай спорттық сайыстар дәстүрлі түрде өткізіледі, - деді жарыстык ашылу салтанатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

IMG-20231016-WA0033

Екі күнге созылған жарыс қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орын Деркөл кентінің спортшыларына, екінші орыр "Атамекен" комьюнити командасына бұйырса, бірінші орынды "УТПК" ұжымының ардагер спортшылары жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен және кубокпен марапатталды.

Аружан Ғайнолла,
Орал қаласын дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале