3.05.2025, 12:30
Оқылды: 404

Оралда «STUD Премия-2025» фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Жастар рухы» ЖҚ БҚОФ ұйымдастыруымен өткізілген жастар фестивалінің мақсаты өңірдегі 4 оқу орынның достығын нығайту болды.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.04.01

Шара барысында облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысы Дархан Кадралиев сөз алып, жоғары оқу орындарындағы жастар жетекшілері М.Өтемісов атындағы БҚУ-дан Жанбота Ешимова, Мирас Қоблан, Мағжан Ғазезов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан Гүлнұр Құлжанова, Нұрасыл Бердібек, Қанат Досмағамбетов, КазИИТУ- дан Элмира Тургалиева, Аяжан Есмұратова және БҚИТУ-дан Данагүл Төлекбекова, Нәзік Ғазездарға БҚО әкімі атынан алғыс хат табыстады.

WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.04.02
Одан соң, «Ең жасы үлкен студент», «Ең алыстан келіп оқитын студент», «Ең арзан буфет», «Блогер студент», «Ата-ана студент», «Ең қызық оқиға», «Әскерден келген студент», «Дипломы бар студент» премияларымен студенттер марапатталды.

БҚО Қоғамдық даму басқармасы

WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.04.01 (1) WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.04.00 WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.03.58 WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.03.59 WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.03.59 (1) WhatsApp Image 2025-05-03 at 11.04.03

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале