5.10.2022, 18:20
Оқылды: 61

Оралда тазалық айлығы басталады

Оралда 8 қазаннан 29 қазанға дейін санитарлық тазалық айлығы жарияланды.

Сурет: zhaikpress.kz мұрағатынан

Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Абылай Нұрмақов хабарлады.

Тазалық айлығы аясында көшелер, аулалар тазартылып, ағаштар егілмек.

– Сенбіліктің алғашқы күні 350 көшет отырғызу жоспарда тұр. Зашаған кентінің Арман шағынауданындағы ботаникалық алаңға 300-ге жуық ағаш көшеті егіледі. Жергілікті кәсіпкерлер, тұрғындар да бұл үрдістен қалыс қалмаса дейміз. Қаланың ішкі және айналма жолдарында тазалық жұмысы жүргізіледі. Сенбілікке қаладағы ЖОО-ның және колледж студенттері де қатысады. Қаланы 20 учаскеге бөлдік. Әрқайсысына жауапты өкіл де бекітілді. Кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер мен тұрғындарға сенбілік айлығы басталатыны жөнінде хабарлама таратылды. Шамамен 1 100-дей студент, 3 000-ға жуық тұрғын шаһарды шырайландыруға шығады, - деді Абылай Нұрмақов.

Ал «ЖайықТазаҚала» мекемесі өз көліктерімен қоқысты қала сыртына шығарады. Ағаш пен терек, жапырақ қалдықтары Асан ауылындағы карьерге төгілмек.

Орал қаласы әкімдігі сенбілікке барлық кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандарын, тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырады.

Динара Насыр,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале