БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірген 1961 жылғы Серікжан Әділовке қатысты үкім шығарылды.
Сот талқысында мәлім болғанындай, аталған тұрғын "Ғимарат" ЖШС-да күзетші болып жұмыс жасап, сонда тұрған.
3 наурыз күні кешкісін жұмыстасы Марат Шерниязовпен бірге арақ ішкен. Соның барысында ұрыс-керіс туындап, Шерниязов Әділовті соққан. Оған жауап ретінде Әділов бөтелкелесінің бетінен ұрғанда, ол есінен танып қалған. Сосын Шерниязовтің үстіне шығып алып, өлтіргенше соққының астына алған. Содан кейін мүрдені кереуеттің астына жасырып, өзі ұйықтаған.
Мүрде тек 30 наурыз күні табылған. Жүргізуші М.Жүсіпов Әділовтің бөлмесіне стакан алу үшін барғанда, иісті сезген. Кереуеттің астынан мүрдені тауып алғаннан кейін директор С Мұқановқа қоңырау шалған, ол полиция қызметкерлерін шақырған.
Үкімді судья Бақыт Ермаханов жария етті. С Әділов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz