5.09.2023, 17:00
Оқылды: 45

Оралда үй салуға 50 жер учаскесі берілді

Биыл 112,7 мың га ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған 198,2 мың га құрайтын жер учаскесін қайтару мақсатында облыстық жер ресурстарын пайдалану  департаменті тексеру жұмысын жүргізуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов жыл басынан бері атқарылған жұмыс жөнінде баяндады.

A1C63350-A11C-4A47-B127-70D3567AB844

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға  енгізу мақсатында облыс бойынша конкурстар өткізілуде. 2023 жылы аудандардың жергілікті атқарушы құрылымдары жалпы көлемі 165,7 мың гектар 296 жер учаскесі бойынша 35 конкурс өткізді. Соның нәтижесінде жалпы көлемі 146,1 мың га құрайтын 251 жер учаскесі таратылды. Облыс бойынша кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша gosreestr.kz порталында электронды түрде аукциондар өткізілуде. Биыл өткен 38 аукцион бойынша жалпы көлемі 17,5 гектар 51 жер учаскесін жалдау құқығы 178 млн 973 мың теңгеге сатылды. Аудандардың  жергілікті атқарушы құрылымдары енді 4 аукцион өткізу жоспарлауда, - деді Н. Мақсотов.

Басқарма басшысы облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері беріліп жатқанын хабарлады. Қазіргі кезде облыс бойынша үй құрылысына арналған жер учаскелерін алу үшін есепте тұрған азаматтардың саны – 164 419 (Орал қаласы бойынша 109 469). Биыл жеке тұрғын үй құрылысына 174 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 74, Бөрлі ауданы – 22, Қаратөбе ауданы – 15, Сырым ауданы – 12, Теректі ауданы – 1, Орал қаласы – 50).

Брифингте Нұржан Ерболатұлы ҚР «Жайылым туралы» заң талабының орындалуы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, жер қойнауын пайдалану саласы бойынша мәліметтерді жария етті.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале