24.10.2022, 12:56
Оқылды: 14

Оралда Ұлттық мерекеге орай салтанатты шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай Оралдағы Жастар мәдениет үйінде салтанатты шара өтіп, бір топ сала мамандарына алғысхат берілді.

InShot_20221024_122802214

Ал Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына сәйкес әкімшілік қызметке қабылданған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.

InShot_20221024_123011569

Мерекемен қала әкімі Миржан Сатқанов құттықтады.

InShot_20221024_123107624
– Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды. 13 жылдан кейін қайта жаңғырған бұл мерекенің маңызы зор. Республика күні – еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы іспеттес. Егемендік алғаннан кейінгі табыстарымызды ой елегінен өткізсек, бүкіл елдегі сияқты біздің қаламызда да оң өзгеріс бар.

Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында кешенді шаралар қолға алынуда. Біздің негізгі мақсатымыз – қаланы әр тұрғын үшін өмір сүруге жайлы ету, барлық шағынаудандар мен кенттерді бірдей дамыту. Шаһарымыздың шырайын кіргізетін игі істер алдағы уақытта да атқарыла береді. Ұлттық мереке Орал қаласында кең көлемде аталып өтуде. Шаһарда танымдық, мәдени-спорттық бағыттағы 30-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланды. Іс-шаралар қаланың барлық шағынауданында өтуде. Мереке қарсаңында шаһарымызда бірқатар жаңа нысан ашылып, халық игілігіне берілді.

Сіздерге Орал қаласының дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен ырыс-береке тілеймін. Еліміздің еңсесі биік, абыройы асқақ болсын! - деді қала әкімі.

InShot_20221024_123413852
Салтанатты жиында Миржан Мұнайдарұлы қала әкімі аппараты мемлекеттік сатып алу және қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұргүл Исмагуловаға, қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Альбина Кенжегуловаға, «БҚО аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС электромонтері Балмекен Жапароваға, аталмыш мекеменің автогидрокөтергіш машинисі Андрей Лютиковке, «Батыс Су Арнасы» ЖШС кәсіпорын жабдықтарын жөндеу жөніндегі қызмет бастығының орынбасары Ержан Бигельдиевке, қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бөлім басшысы Алма Төлепқалиеваға, «Орал» спорт клубының қол күресінен жаттықтырушысы Мерген Мухамбетияровқа, «Алтын Орда» мәдениет үйінің меңгерушісі Тимур Меңдіғалиевке, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй қатынастары орталығы» мекемесі басшысының орынбасары Гүлчехра Кужахметоваға облыс әкімінің алғысхатын табыстады.

InShot_20221024_123504790
Мерекедегі марапат мұнымен шектелген жоқ. Қала әкімі елдің дамуына үлес қосып жүрген қызметкелерді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО-дағы департаменті басшысының алғысхатымен және өз атынан Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мерекелік шара концертке ұласты.

InShot_20221024_122931302

InShot_20221024_123557258InShot_20221024_123700859

InShot_20221024_123754654

InShot_20221024_123940883

InShot_20221024_123837098

Динара Насыр,

Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале