Бізден де чемпион шығады!
6 Желтоқсан 2021

Бізден де чемпион шығады!

Теректілік іскер әйелдер марапатталды
6 Желтоқсан 2021

Теректілік іскер әйелдер марапатталды

Спорт ардагерін еске алу турнирі өтті
6 Желтоқсан 2021

Спорт ардагерін еске алу турнирі өтті

Еңбекшілер алғысқа бөленді
6 Желтоқсан 2021

Еңбекшілер алғысқа бөленді

Шаһар басшысынан  алғыс алды
6 Желтоқсан 2021

Шаһар басшысынан  алғыс алды

Тегін газет жаздырды
6 Желтоқсан 2021

Тегін газет жаздырды

24.01.2017, 16:42
Оқылды: 17
Оралда ұшақ жалға берілетін болды

16237992_10208293605190187_1915215812_n Мұндай қызметті «KazMedAir» компаниясы ұсынып отыр. Орал халықаралық әуежайында «Cessna 208B Grand Caravan» ұшағының таныстырылымы өтті. Өңірімізге алғаш рет өз қызметін ұсынған әуе компаниясы ұшағының мүмкіндігімен танысуға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.


   -Біздер бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтің ұсынысымен батысқазақстандықтарға өз компаниямыздың қызметін ұсынып отырмыз. Өңір басшысы біздің жеңіл әрі қауіпсіздік талаптарға сай ұшақтарға қызығушылық танытқан болатын. «Cessna 208B» ұшағы облыс көлеміндегі аудан-ауылдарға және шекаралас өңірлермен қатынасуға өте ыңғайлы. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Орынбор, Самара, Астрахань секілді қалаларымен әуе қатынасын орнату жоспарымызда бар. Бұл ұшақ еліміздің барлық қалаларында әскери және денсаулық сақтау саласында кеңінен пайдаланылуда. Сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезінде өзен-көлдер мен жолдарды әуеден барлауға да ыңғайлы. Өңір кәсіпкерлері жалдамалы ұшақтың қызметіне жүгінетін болса бір-екі сағат бұрын хабарласса болғаны. Ұшақтың бір сағат ұшу құны орташа есеппен 550 мың теңгені құрайды. Мысалы, Орал қаласынан Атырауға 1 сағат 45 минутта, Ақтау қаласына 3 сағат 30 минутта, Астанаға 5 сағаттан астам уақытта жетіп барасыз. Әзірге бір ұшақ әкелінді. Болашақта қажеттілігіне қарай ұшақтар санын көбейтеміз. Біз ұсынған қызмет түрі батысқазақстандықтардың көңілінен шығады деген ойдамыз, -дейді компанияның атқарушы директоры Андрей Косалапов.

  Айта кетейік, америкалық «Cessna 208B» бір қозғалтқышты жеңіл ұшағы 1984 жылдан бастап өндіріске шығарылған. Қазірге дейін бұндай маркалы сегіз мыңға жуық ұшақ шығарылған. Жолаушылар әрі жүк тасымалдауға арналған көпбейінді жаңа ұшақтың құны орташа есеппен 3 миллион доллар тұрады. Сегіз жолаушыға арналған шағын ұшақты бір ғана ұшқыш басқара алады. 1200 шақырым жерге қатынауға арналған ұшақ төрт тоннаға жақын жүк көтеруге қауқарлы. Аталмыш компанияның шағын ұшақтары еліміздің барлық өңірлерінде қызмет көрсетуде.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале