14.07.2023, 16:00
Оқылды: 33

Оралда World Money қаржы пирамидасы жарты жылда 130 адамды қатарына тартып үлгерген

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «World Money» компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады

ЖП ақша

Компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болды.

2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.

Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале