10.01.2025, 14:00
Оқылды: 322

Оралда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан жасырынбақ болды

Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғанын анықтады. Бұл туралы POLISIA.KZ жазды.

WhatsApp Image 2025-01-10 at 14.45.05
Сурет: видеодан кадр POLISIA.KZ

Әкімшілік хаттама жасақтап болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты. Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдайлар туғызып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді. Көлік Молдағұлова көшесінде тоқтатылды.
Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді.
Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғанын анықтады.
Әкімшілік хаттама жасақтап болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты. Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдайлар туғызып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді. Көлік Молдағұлова көшесінде тоқтатылды.
Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале