3.06.2022, 10:30
Оқылды: 147

Оралда жансақтау бөліміне түскен ер адамның жағдайы ауыр, ота жасалды

Орал қаласында велосипед мінген ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім еткендей, оқиға 2 маусым күні кешкісін Пугачев пен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Приора» автокөлігі Жәңгір хан көшесіне қарай бұрылған мезетте Пугачев көшесі жақтан келіп қалған велосипедшіні қағып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем бригадасы сағат 20.59-да жетті.

Алдын ала мәліметке қарағанда, 45 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алған. Миына зақым келіп, самайынан да жарақат алған. Жансақтау бөліміне түскен ер адамның жағдайы ауыр. Ота жасалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда науқасты ауруханаға апара жатқан санитарлық көліктің жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале