11.04.2026, 0:01
Оқылды: 0

Оралда «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

ЖП жұмыс жәрмеңке

Жуырда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім және менеджмент институтында «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш іс-шараны Орал қаласындағы мансап орталығы мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қол-дауымен БҚИТУ ұйымдастырды.

Ұйымдастыру жұмысының  басты мақсаты – жұмыс берушілер мен іздеушілердің арасындағы тікелей байла-нысты қамтамасыз етіп, университетті енді тәмамдаған түлектерге жұмыс табуға және мекемелерге кадрлар-ды іріктеуге қолайлы жағдай жасау.

Жәрмеңкеде Зашаған кенті әкімі аппараты, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, екінші деңгейлі банктер, психологиялық сауықтыру мекемелері, «Технодом» ЖШС, Орал қаласының полиция басқармасы,  Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана, Орал қалалық мансап орталығы бойынша өкілдер болды. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы, Орал қалалық көпбейінді ауруханасы,  «IT Kazakstan» ЖШС, шаһардағы  №17, №26 жалпы білім беретін орта  мектептер мен басқа да мекеме-кәсіпорындардың мамандары  қатысты.

– Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар 500-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеде 150-ге жуық  білім алушы түлек пен жұмыс іздеуші мамандар болды. Түлектер жұмыс берушілермен тікелей сұхбат алмасып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік алса, бірқатары сол мезетте жұмысқа шақырту алды.

Атап айтсақ, «Айана» мектепке дейінгі білім беру мекемесіне дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша екі түлек, психологиялық білім беру бағдарламасы бойынша бір түлекті жұмысқа қабылдауға келісім берді. «АВА Балама» орталығына бір психолог маман ретінде шақырту алды, – дейді БҚИТУ-дың ман-сап және практиканы ұйымдастыру бөлімінің басшысы, аға оқытушы Жанат Тілесова.

Іс-шараға қатысқан мекеме өкілдері жәрмеңке ұйымдастырушыларына алғысын айтып, бұл бағыттағы басқосу әрмен қарай жалғасын табуына тілектестігін білдірді.

Гүлфия  Қолғанатова,

«Жайық Пресс»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале