26.06.2024, 22:23
Оқылды: 235

Оралда жатақханалардың бірінде өрт шықты

Орал қаласы жатақханаларының бірінде 2 шаршы метр алаңда үй заттары мен қоқыстың жануы болды, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

IMG-20240626-WA0051Сурет видеодан скрин жасалды 

Құтқарушылар шақыру орнына келгеннен кейін, жанып жатқан бөлмеде бір адам бар екені анықталды. Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт тез сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале