26.06.2022, 11:42
Оқылды: 30

Оралда жол апатынан кәмелетке толмаған жолаушы көз жұмды

Бүгін шамамен түнгі сағат 00.40-та Орал қаласындағы Шолохов-Свердлов көшелерінің қиылысында «Тойота» маркалы шағын автобус тоқтап тұрған «скутермен» (жүргізушіден басқа кәмелетке толмаған жолаушы болған) және «ВАЗ-2110» автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлікте жүргізуші мен үш жолаушы болған.

A112B886-1335-4BB9-B08A-C68AF31F5A81

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 5 адам жеткізілді.

2005 жылғы кәмелетке толмаған «скутер» жолаушысы есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Түрлі дене жарақатын алған «скутер» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлер тексергеннен кейін өзге жолаушылар үйлеріне жіберілді.

Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша шағын автобус жүргізушісі мас болмаған.

Жол-көлік оқиғасының алдын-ала себебі – шағын автобус жүргізушісі қозғалыс кезінде ұялы телефонға алаңдап кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу аясында барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

zhaikpress.kz

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале