24.11.2017, 20:19
Оқылды: 43

Оралда жолаушылар тасымалдайтын "Газельдер" саны қысқартылуда

IMG-20171124-WA0061Бұл туралы БҚО əкімі Алтай Көлгінов "Ақжайық" телеарнасында өткен тікелей желі барысында айтты.


Облыс əкімі қазіргі уақытта қоғамдық көлік мəселесіне басым көңіл бөлініп жатқанын хабарлады. Орал қаласында жолаушылар тасымалдайтын "Газельдер" саны 250-ден 120-ға дейін кеміген.

- Нарық құнына сəйкес биыл қала ішіндегі жолақы бағамы көтерілді. Енді жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға нақты талап қоюдамыз. Олар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Мəселен, "Газельге" мүгедектер арбасымен кіру тіпті қолайсыз. Кəсіптен пайда тапқысы келген компания қоғамдық көліктерін жаңалауы тиіс. Сондықтан жолаушылар тасымалы сапасын жетілдірумен құзырлы органдар айналысуда, - деп түсіндірді алынған шара барысын облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале