1.06.2023, 14:45
Оқылды: 65

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады

Соңғы қоңырау сыңғыры 2023 жылғы мектеп түлектерінің жүрегіне толқыныс ұялатты.

НИШ (2)

Орал қаласы NIS-те оқу жылының қорытынды шарасының шымылдығы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай түлектер мен олардың іні-қарындастарының «Біз – бақытты баламыз» музыкалық флешмобымен ашылды.

Соңғы қоңырау салтанатына мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитетінің төрағасы мен орынбасары және ұстаздар қауымы қатысты.

НИШ (3)

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биыл 76 түлек үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Оның ішінде 11 зияткер «Алтын белгіге», 4 зияткер «Үздік аттестатқа» үміткер. Шәкірттер желілік, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына қатысып, 4 алтын, 7 күміс, 4 қола медальмен мектеп қоржынын толтырды. Сондай-ақ биыл білім ордамыз IELTS халықаралық емтиханында орташа 7,1 баллды көрсетті.

НИШ (4)

Мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев түлектерге ақ жол тілеп, білім, ғылым, өнер, спорт сайыстарында үздік нәтижеге көрсеткен оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Сонымен қоса «Жыл шаңырағы», «Жыл оқушысы» анықталды.

НИШ (5)

Жан тебіренісі жанарынан сезілген түлектер алтын ұясына ыстық ықыласын жеткізіп, дәстүрлі мектеп вальсін биледі.
Мектептің өнерлі ұстаздары мен оқушылары дайындаған әуезді әндер мен көңілді би салтанатты кештің сәнін кіргізді.

Мөлдір Латифова,

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

НИШ (1) НИШ (3) НИШ (6) НИШ (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале