8.09.2023, 16:30
Оқылды: 51

Оралдағы «Рark hotel» кешенінен өрт шықты

Қаладағы «Рark hotel» кешенінен өрт шықты. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

DF1DCA1B-7211-4A33-91C2-E2A52D9A7444

«Бүгін сағат 11:27-де қаладағы Самал-3 шағынауданындағы «Park hotel» мекенжайынан өрт шыққаны жөнінде хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер бөлек тұрған сауна ғимаратының ішінде аумағы 100 шаршы метр ішкі қаптаулар және жиһаздың жанып жатқанын анықтады.

Тілсіз жау 12:10-да оқшауланып, 12:42-де толық ауыздықталды. Өртті сөндіруге барлығы 38 адам, 11 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», деп хабарлады ведомстводан.

8FBBCEAC-5C02-437F-B3F2-51FFC6A6183A

1201F103-DC48-4D2B-8957-267A719C095D

2C1BD50E-06F7-4648-AC03-9627FF1ECC5F

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале