19.06.2024, 9:30
Оқылды: 214

Оралдағы су тасқыны: тұрғындардан он мыңнан астам өтініш түскен

Орал қаласында су тасқыны салдарынан келтірілген шығынды өтеу бойынша комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Қалалық комиссияға тұрғындардан 10 492 өтініш түскен. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

F26CFCCD-8C04-43D5-A826-AA4A163CD2A2

Сурет: скриншот

Қазір техникалық зерттеу мекемелерімен үш мың жалғыз тұрғын үйі бар азаматтардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді.

Қалалық комиссия күні бүгінге 2 700-дей материал қарады. Комиссияның қорытындысы бойынша 500-ге жуық отбасыға жаңа тұрғын үй берілді.

DF931ADE-0F6E-449B-A2BD-8E5F5BB7E1B9

Сондай-ақ бүлінген мүлікті өтеу бойынша төрт мыңнан аса үйге шығынды бағалау жүргізіліп, қорытынды шықты. Жұмыс үздіксіз жалғаса береді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале