4.05.2020, 11:28
Оқылды: 197

Оралдағы ХҚКО бөлімі қызметін бастады

Мамырдың 4-інде Орал қаласының 4-шағынауданында орналасқан «Ural Car City» ғимаратындағы ХҚКО-ның № 1 бөлімі қызметін бастады. Жұмыс уақыты – сағат  09:00-ден 17:00-ге дейін.

46AB5E3B-9855-47A9-89D0-01A0786DB1A0

– 1414 нөмірі арқылы алдын ала кезек белгіленеді. Мәселеңіз  Egov.kz порталы арқылы шешілетін электронды қызмет болса, тұрғындар ХҚКО-ға келмей-ақ қойған жөн. ХҚКО бөлімінде қағаз жүзінде ғана көрсетілетін қызметтер ұсынылады. Тек зейнеткерлер, мүгедектер және көпбалалы отбасыларға ғана электронды қызмет көрсетіледі. Оларға көмектесу үшін әрбір фронт-офисте арнайы терезе ашылған. Төтенше жағдай кезінде республика бойынша алғаш рет Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтау, Орал қалаларында ХҚКО қызметі жандануда, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының филиал  директоры Марат Бассаров.

CEBC97F0-F8A1-4C1B-9B9A-D05411C5906E

ХҚКО-ның № 1 бөлімі 120 адам қызмет атқарады. Egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамы электронды түрде жүзеге асады. 1414 арқылы мамандардан онлайн кеңес алуға болады. Төтенше жағдай кезіндегі карантин режимі мемлекеттік корпорацияға тың тәжірибе сыйлады. Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы және  облыс орталықтарындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшіп, яғни қашықтан қызмет етуді жалғастыра бермек. 

  Нұртай Текебай

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале