15.02.2024, 15:15
Оқылды: 83

Оралдық дәрігер ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Гүлсім Жұмағалиева ұшақ бортында жас жарымдық сәбиге дер уақытында медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі жазды.

9E4013EE-E777-48D5-A220-E87724E6B7B4

Фото pixabay.com

11 ақпан күні Алматы–Орал бағытында ұшып келе жатқан FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында диспансерлік есепте тұрған ұл бала ауырып, жүрегі тоқтап қалған.

Сол уақытта жолаушылардың қатарындағы дәрігер бірден әрекет етіп, алғашқы реанимациялық көмек көрсетеді. Сәбидің жағдайы тұрақталды және Орал қаласының әуежайына тоқтағаннан кейін бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылады. 

«Ұшақ бортында оқиғаның болғаны рас. Салон қараңғылау болды. Соған қарамастан, барлық қолдан келген шараны жасадым. Бұл ең алдымен балаға дәл сол сәтте дәрігерді тап қылып, Алланың қарасқаны деп санаймын. Қандай жағдайда болмасын, адамға қолұшын беру – дәрігерлік борышымыз», - дейді көпбейінді балалар ауруханасы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-неонатолог Гүлсім Жұмағалиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале