Сегіз адамнан тұратын топтың басшысын Түркістан қаласынан ұстаған. Ал қалған мүшелері Орал, Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларында жұмыс жүргізіп отырған. Бүгінде барлығы ұсталып, олардан 24 тонна есірткі тәркіленген.
- Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері есірткі бизнесімен айналысқан топты құрықтады. Бүгінде барлық айғақ заттар Оралға жеткізілді. Атап айтсам, Орал қаласында мамыр айының 13-і күні, Ақтөбе, Шымкент қалаларында мамырдың 8-і күні, Алматы қаласында мамырдың 11-і күні үлкен операция жүріп, олар қолға түсті. Топ мүшелері түгелімен Оралда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.
- Есірткі саудасымен айналысушы топ аталған қалалардағы әр дүкеннен күніне 4 млн теңге табыс тауып отырған, - деді департамент басшысы.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz