Орал қаласында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Киров атындағы саябақта адасып қалған балаға көмек көрсетіп, оның ата-анасын жедел түрде тауып, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Патрульдеу барысында әскери қызметшілер ересектердің қарауынсыз жүрген баланы байқайды. Жағдайды анықтаған ұландықтар қажетті шараларды қабылдап, оның ата-анасының орналасқан жерін анықтауға кірісті.
Патрульдік топ құрамында әскери наряд бастығы ефрейтор Ерасыл Ибрашев, патрульшілер қатардағы Данияр Алихан және қатардағы жауынгер Диас Жолдасов қызмет атқарды. Әскери қызметшілердің қырағылығы, мұқияттылығы және үйлесімді әрекетінің арқасында баланың ата-анасының орналасқан жері жедел анықталып, бала аман-есен ата-анасына табысталды.
Баланың анасы әскери қызметшілерге ризашылығын білдірді:
«Баламның жоғалып кеткенін түсінген кезде қатты уайымдадым. Жолдан өтпей, бізге көмектесіп, баламды тауып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен әскери қызметшілерге шын жүректен алғыс айтамын».
Мұндай жағдайлар әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті сақтау барысында әрбір азаматтың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Балаларға көмек көрсету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайда қолдау білдіру – гвардияшылардың қызметтік міндетінің маңызды бөлігі.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі