17.08.2023, 10:00
Оқылды: 509

Оралдық жас математик Лондонда жүлдеге ие болды

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Таир Калим жазғы демалыста жоғары жетістігімен қуантуда.

4b4bbf58-609c-46a7-927b-ff7c9b5dd3da

Зияткеріміз Ұлыбритания мемлекеті Лондон қаласында ұйымдастырылған математикадан «Summer school & IMEC online» халықаралық байқауына онлайн қатысып, алтын медальді жеңіп алған болатын. Кейін аталған елдегі атақты Horrow School білім ордасының шақыртуына ие болды.

Әйгілі адамдар білім алған Horrow School-дағы сайысқа аттанған Таир әлемнің әр түкпірінен, атап айтсақ, Франция, Германия, Швеция, Болгария, Түркия, Қытай, Лаос, Әзірбайжан, Қырғызстан және тағы басқа елдерінен келген балалармен білім жарыстырды.

Алғырлығымен алға шығып, күні кеше күмістен алқа тақты.

Шетелде математикалық білімін жетілдірген шәкіртіміз Лондондағы жазғы мектепке қатысып, тарихи және көрнекті жерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мөлдір Латифова,

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале