12.10.2023, 12:15
Оқылды: 9

Оралдық жас режиссер халықаралық кинофестивальден олжалы оралды

Жақында Самарқандта мерейтойлық XV Ташкент халықаралық «Жібек жолының інжу-маржаны» кинофестивалі өтті.

0933F206-B7BD-4CAF-926D-BD610CA9DDD9

Еліміздегі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» және Әділхан Ержановтың «Адемоканы оқыту» фильмдері «Үздік режиссер» және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинацияларында жүлделі орындарға ие болды.

«Ағайынды» фильмінің атынан қатысқан продюсер Максим Акбаров «Дала» атты өзінің режиссерлік фильмі үшін «Үздік дебют» номинациясында жеңіске жетті.

Кинофестивальде «Үздік режиссер» аталымына ие болған қазақстандық режиссер, жерлесіміз Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» атты дебюттік фильмі 2022 жылы жарыққа шыққан еді.

Режиссердің айтуынша, екі ағайынның тағдыры ерекше жағдайда тоғысатын бұл фильмді түсіру идеясы кенеттен туындаған.

4A673FDF-509C-4ECB-9305-B7D4C075DEB8

«Менің өз інім бар, сондықтан осы тақырыпқа қатысты ой жүгіртіп, қиялға берілдім, «ағайындылар бір-бірінің бар екенін білмей, кейін кездесіп, ортақ болашаққа деген үміт пайда болса ше деген ой келді. Міне, осы тақырыпқа қатысты фильм түсіруге бел будым», - дейді Дархан Төлегенов.

Оқиға желісі бойынша, балалар үйінің түлегі Ақжол әкесінің тірі екеніне сенімді боп, оны іздеуді бастайды. Жас жігіт балалар үйінен кетіп, өз бетінше жаңа, бақытты өмір сүргісі келеді. Бірақ, Димаш есімді жаңа көршісімен танысуы мүлдем басқа өмірдің, криминалдық жолдың басталуына әкеледі. Жігіттер қарақшылықпен, тонаумен күн көреді.

Алайда, Ақжол туысқанымен әңгімелесу кезінде ағасының бар екенін біледі. Оқиға ерекше бағытта өрби түседі.

20990681-50DA-45C8-A161-864FD32FFE50

Киногерлер арасында танымал жас режиссер, сценарист Дархан Төлегенов театр бағытындағы колледжде оқыған. 2017 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Көркем кино режиссері» мамандығын (Аманжол Айтуаров шеберханасы), 2017 жылы аталмыш оқу орнында магистратураны жалғастырады.

Режиссер халықаралық фестивальдерде үздік марапаттарға ие болған бірнеше қысқаметражды фильм түсірген.

Айта өтейік, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәлімдеуінше, жоғарыда аталған кинофестиваль 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтті.

Оған 52 елден 300-ден астам киногер қатысқан.

Кинофестиваль аясында көрермендер 60 көркем, деректі және қысқаметражды фильмдерді тамашалай алды.

Гүлмира Сарсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале