ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының «Орда» МКК-на таратушы желілері арқылы су беру қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы шешім қабылдады.
Тариф жобасын монополист 575,01 теңге/1 м3 мөлшерінде ұсынды.
Бұл ретте, ТМРКД тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тариф жобасына мұқият талдау жүргізе отырып, шығындардың кейбір баптарын қысқартты.
Яғни, монополист үшін орташа өткізу тарифі ұсынылып отырған жобадан 35,57%-ға төмендетумен, 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1 текше метр үшін 370,49 теңге мөлшерінде бекітілді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті