14.12.2022, 17:45
Оқылды: 72

«Орда» МКК-ның су беру тарифі бекітілді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының «Орда» МКК-на таратушы желілері арқылы су беру қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы шешім қабылдады.

IMG-20221214-WA0078

Тариф жобасын монополист 575,01 теңге/1 м3 мөлшерінде ұсынды.

 

Бұл ретте, ТМРКД тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тариф жобасына мұқият талдау жүргізе отырып, шығындардың кейбір баптарын қысқартты.

 

Яғни, монополист үшін орташа өткізу тарифі ұсынылып отырған жобадан 35,57%-ға төмендетумен, 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1 текше метр үшін 370,49 теңге мөлшерінде бекітілді.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале