3.07.2021, 20:50
Оқылды: 72

Партия қатары толықты

Бүгін Елорда күніне орай «Nur Otan» партиясы қатарына қабылдаудың дәстүрге айналған салтанатты рәсімі өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партия құрамына кірген 10 азаматқа жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыс етті.

A007AF2A-07EE-4CA2-AE3F-92B713243D61

Салтанатты шара барысында ол «Nur Otan» - ның қатарына қосылған азаматтарды құттықтап, қоғамда белсенділік танытуға шақырды.

- «Nur Otan» партиясы – жетекші әрі халық алдында жауапты саяси күш. Соңғы кездері нұротандықтардың қатары әр саланың азаматтарымен толығып келеді. Бүгін қатарымызға қосылып жатқан жандарға да ақ жол тілеймін. Біздің ең басты мақсатымыз – елімізді дамыту, көркейту, саяси үрдістерді тұрғындарға жеткізу және сайлаушыларға, тұрғындарға берген уәдені орындау. Яғни партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың аманаты, соны орындауға тиіспіз. Олыстық мәслихаттың сессия отырысында тұрғындардың өтініші негізінде бірқатар мәселелер талқыланып, оң шешім табуда. Бүгінде партияда 12 кеңес жұмыс істейді. Қатарымызға қосылған азаматтармен бірге жұмысымызды одан әрі жалғастыратын боламыз, - деді Мұрат Рахметұлы.

474C7650-6B4E-4329-927D-F004856937AB

Айта кетсек, партия қатарына заңгер Руслан Аминов, облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мамандары Әлішер Абузаров, Рустам Сапин мен Кенжебек Ахметов, БҚО Еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Светлана Хайруллина қабылданды. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері Мария Золотарь, Ернар Гайсин және №46 ЖОББМ директорының орынбасары Мөлдір Жәрдемова да бар.

A7B31D66-7624-4D26-8BF1-5CDA0347C77B

40387F32-B482-430B-BE67-07E72883D75E

Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале