Петропавлда дәрігерлер абайсызда тұрмыстық пышақпен бауырына сұғып алған әйелдің өмірі үшін екі жарым сағат күресті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сурет: pixabay
44 жастағы науқас көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатымен ауыр халде түсті.
Медициналық мекеме науқас екі литр қан жоғалтқандықтан, жағдайы ауыр болғанын хабарлады. Аурухана қызметкерлерінің жұмысының арқасында ота сәтті өтіп, әйел аман қалды.
"Қазір отадан кейінгі кезеңнің өтуіне байланысты науқастың жағдайы тұрақты орташа ауыр", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.