10.02.2022, 11:21
Оқылды: 35

Pfizer вакцина өндіруден түскен пайда мөлшерін айтты

2021 жылы Pfizer тек коронавирусқа қарсы вакцина өндіруден 36,8 миллиард доллар табыс тапқан, бұл компанияның бір жылдағы жалпы кірісінің жартысына жуығы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fierce Pharma-ға сілтеме жасап.photo_94168

Осыған дейін компанияның жылдық табысы 22 миллиард доллар екені хабарланған болатын, бұл 2020 жылдан екі есе көп. Жылдық кіріс екі есе өсіп 81,3 миллиард долларға жетті.

"Pfizer өзінің қаржылық есебінде 2022 жылға қарай COVID-19 вакцинасы мен вирусқа қарсы таблеткаларды сатудан кемінде 54 миллиард доллар пайда күтетінін көрсетті", - деп хабарлады Reuters басылымы.

 Pfizer компаниясының бас атқарушы директоры Альберт Бурла COVID-19, Paxlovid  қарсы препараттың сатылымы компания болжағаннан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта компания өкілдері бұл препараттың сатылымы 2022 жылы 22 миллиард доллар болады деп күтеді, ал Уолл-стриттің бағалауы бойынша ол 22,88 миллиард доллар.

"Бұл біз биылғы жылы шығаруға дайындалып жатқан 120 миллион емдеу курсының аз ғана бөлігі екені анық", - деді Бурла.

Компания басшысы АҚШ-та 20 миллион Paxlovid курсын сататынын айтты. Бір курсты шамамен 530 долларға (226 000 теңге) сатады. Pfizer басшылары компания 100-ден астам елмен препарат туралы белсенді келіссөздер жүргізіп жатқанын және қажет болған жағдайда 120 миллион курс шығара алатынын айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале