Полицейге пара бермек болған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Д.Қонаев шағынауданында болды.
Шығын келтірмеген жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторына әкімшілік хаттама толтырмау үшін 10 мың теңге көлемінде пара ұсынған.
Инспектор парадан бас тартқан және оның жасаған ескертуіне құлақ аспағаннан кейін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс жүргізуден басқа ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
БҚО полиция департаменті лауазымды қызметкерге пара беру қылмыстық іс-әрекет екендігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыпты ұсталғанын жазған болатынбыз.